Мектеп психологы - А.Қастеев атындағы орта мектеп https://kasteev.panfilov.edu.kz/ ru Мектеп психологы - А.Қастеев атындағы орта мектеп DataLife Engine Абдувалиев К. уақытша үйден https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/192-abduvaliev-k-uaytsha-jden.html https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/192-abduvaliev-k-uaytsha-jden.html admin Mon, 15 Jan 2024 16:32:47 +0600 Хамраева Д. уақытша үйден оқитын https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/196-hamraeva-d-uaytsha-jden-oityn.html https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/196-hamraeva-d-uaytsha-jden-oityn.html admin Mon, 08 Jan 2024 16:41:19 +0600 Дәулеткелді А. уақытша үйден оқу https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/191-duletkeld-a-uaytsha-jden-ou.html https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/191-duletkeld-a-uaytsha-jden-ou.html admin Mon, 04 Dec 2023 16:29:36 +0600 Болат Мадияр үйден оқыту https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/190-bolat-madijar-jden-oytu.html https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/190-bolat-madijar-jden-oytu.html admin Fri, 08 Sep 2023 16:24:04 +0600 Мұрат Назар https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/195-mrat-nazar.html https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/195-mrat-nazar.html admin Mon, 04 Sep 2023 16:39:42 +0600 Мағауия Р. үйден оқу https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/193-maauija-r-jden-ou.html https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/193-maauija-r-jden-ou.html admin Mon, 04 Sep 2023 16:35:43 +0600 Матали Ө. үйден https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/194-matali-jden.html https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/194-matali-jden.html admin Sat, 02 Sep 2023 16:37:22 +0600 Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/119-yz-trbies-lt-trbies.html https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/119-yz-trbies-lt-trbies.html «Қызға айтар ақыл бар»

Мақсаты:Қыз балаларға адамгешілік,адалдық,іс-қимыл,жүріс-тұрыс дағдысы,қыз намысы,сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік,әдептілік,сыпайлық,тиянақтылық,имандылық,тазалық қасиеттерді дамыту.Жеке бас гигиенасын сақтауға,әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті-мультимедиялық кабинет жабдықтарын пайдалану.

Әдісі:пікірлесу,әңгімелесу,сұрақ-жауап,салыстыру

Формасы:Дебат сабақ

Барысы:

Қыз емес,қыздың аты-қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар!Бүгін мектебімізде осынау нәзік жандар,әсем арулар тақырыбына арналған «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Халқымыз «қыз- қонақ» деп,төрінен орын беріп,қыздарды алтынның сынығына балап өсірген.Жалпы бала тәрбиесіне,соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген.Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю,қала берсе қара күңнен тыю»деген мақалға қанша ой сыйғызған.Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес,бүкіл ауыл,ел жауапты болып отыр. 

Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп,бетін қақпай өсірген.Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады.Сондықтан да,тәрбиелі,инабатты,намысты,ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады.Жастықтың өзі –сұлулықтың,нәзіктіктің белгісі.Қыз балалардың көрікті болып өсуіне ертеде аналары ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркі-жалы,арудың көркі -шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтіп-өсіруді өнер санаған. Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:

Әдемі қыз-баппен сөйлеп,биязы күліп,жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.Көрікті қыз-істі үйіріп,сөйлесе бұйырып,баурап  алатын,бірден көзге түсе қоймайтын,Шырайлы қыз-көз жанары өткір,бет-әлпеті балбұл жанған,тәні шымыр.Сұлу қыз-сөзі өткір,өзі пысық,өрескелдікті сүймейтін,болмашыға пісіп-күймейтін,келбетті.Ару қыз-бет пішіні,дене мүсіні келіскен,сөзі сыпайы,өзі әдепті,сұңғақ бойлы,терең ойлы.Ажарлы қыз-дене бітімі жинақы,тығыршықтай,сөзі салмақты,ісі тиянақты.Әсем қыз-жүзі жылы,өзі ұяң,тәні нәзік.

Олай болса,Қыз бала тәрбиесі  тақырыбына байланысты бейнекөрінісімізге  назар аударайық.

Осында отырған қыздарымыз бұл бейнекөрініс туралы не ойлайды екен,қыздарымыздың ой-пікірлерін білсек...

Қыздарымызға сұрақ: Ой толғау Сұрақтар

1.Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген?

Жауап:Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі тәрбие.Ата-ананың міндеті-жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын,адамшылық,адамгершілік,инабаттылық сыйлау қасиеттерін сіңіру.Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады.Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған,оның көңілін қалдырмаған,оған қарсы сөйлемеген,оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап,оның тәрбиесіне ереше көңіл бөліп қараған.

2.Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің?

Қыздарымыздың ибалы  хәм иманды,тәрбиелі болуына пайдасы тиер деген оймен ес біліп,етек жиған әрбір қыз өзі барған әрбір үйде мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп қараған.Олар:Жарыса сөйлеуге,жалғыз қыдыруға,бақаларға қол тигізуге,өтірік өсекке,кісіге қарай керіліп есінеуге,талтайып отыруға,шалқайып жатуға,үлкендердің жолын кесіп атын атауға,ұрыс-керіске,әдепсіз сөзге,алдап-арбауға,қызғаншақтық пен күншілдікке,менмендік пен өзімшілдікке,кісіні қорлап жәбірлеуге,шектен тыс сыланып жасануға,түнде суға жалғыз баруға,салт-дәстүрден аттауға,түске дейін ұйықтауға,тамақты обырлана асауға,бұраңдап қылмысуға.т.б.Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп есте сақтау қажет.

Бүгінгі дөңгелек үстелімізге аналарымыз,ұстаздарымыз келіп отыр.Осы кісілердің ой-пікірлерін тыңдайық.

Ұлағатты ұстаз ___________ апай мына бейнекөріністі көре отырып,қазіргі кезде қыз балалардың тәрбиесінде алаңдататын қандай нәрселер бар деп ойлайсыз?

Жүргізуші.Тәңірінен болғанымен таңғы асы

                      Аналардан бастау алар ар басы-дей келе бүгінде асыл ана,аяулы әже атанып отырған  Мақтагүл апай:Сіздердің кездеріңізде қыздардың тәрбиесі қандай еді?Қазіргі ақпараттық кезеңдегі қыз бала тәрбиесінің айырмашылығы неде?Бөліскен ойыңызға рахмет.Сіздің айтқан әңгімеңізден біз талай нәрсе ұққандай болдық.Сізге шығармашылық табыс тілейміз.

Жүргізуші:____________ апай қызыңыз сізбен еркін сырласа ала ма?

Жүргізуші:Мектеп өмірінде тәрбие шарасына қыздар көп араласады.Ұл мен қыз тәрбиесінің айырмашылығы неде деп ойлайсыз?-____________апай.Сөз кезегі өзіңізде.

Сұрақ:Гүлбаршын апай Мектебіміздегі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

Жүргізуші:Ортамызда қыз бала өсіріп келе жатқан жас аналарымыз отыр соларға қыз тәрбиесінде қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?-Клара апай.

Жүргізуші:_____________Ата-бабамыздың тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің айырмашылығы бар ма?Бар болса неде?

Осындай ақыл-кеңестеріңізбен,өз ойларыңызды бөліскендеріңіз үшін сіздерге рахмет.

Дана халқымыз: «Қыз өссе-жердің көркі», «Шешесі отырып,қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам,келінім сен тыңда» демекші,ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім-тәрбиесін жоғары бағалап,қыздарды адамгершілікке,ізгілікке,әдептілікке,ар-ұяттылыққа,нысаптылыққа,мәдениеттілікке,тәртіптілікке,еңбекшілдікке,сұлулыққа,сымбаттылыққа баулып отырған.Әрбір ата-ана Аллах тағаладан жақсы перзент беруін тілейді.Сол баланы тәрбиелеу,оны жетілдіру өте маңызды.Дініміз Исламда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Кімде-кім үш қыз өсіріп,оларға жақсы тәрбие берсе және оларды жақсы жерге тұрмысқа берсе,жақсылық жасаса,Аллах тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді».

 Бүгін біз қыз бала тәрбиесіне қатысты көптеген ойларымызды ортаға салдық,ендігі кезек «Жағдаяттан қалай шығасың?» ситуациялық сұрақтар

1.Сен көшеде өтіп бара жатырсың.Көшеде екі оқушы бала төбелесіп тұр.Сен оларға не айтасың немесе қасынан өтіп кете бересің бе?

2.Сен қоғамдық орында келе жатырсың.Алдыңнан екі қыз темекі тартып,жерге қоқыстарды лақтырып келе жатыр.Сен қандай күйде боласың?Қоқыстарын қоқыс жәшігіне саласың ба?Қандай әрекет жасайсың?

3.Қыз бала тәрбиелеуде мектеп пен отбасының қайсысының міндеті көбірек,неліктен?

4.Сен университетке асығып,кешігіп бара жатырсың.Университетке жетуіңе бір ғана аялдама қалды.Автобустан бұрынғы оқушы кезіндегі мұғаліміңді көрдің,бірақ ол кісі сені байқамады.Сен не істер едің?Барып амандасасыңба немесе автобустан түсіп жүре бересің бе?

5.Сен үйде жалғызсың.Бір мезетте саған достарың кинотеатрға барайық деп телефон шалды.Сен ата-анаңа звандап ескертейін десең телефондарын үйге тастап кеткен.Сен не істейсің?Ескертпей кете бересің бе немесе үйде қалып қоясың ба?

Бүгінгі «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге алтын уақыттарынңызды бөліп,өздеріңіздің құнды пікірлеріңізбен бөліскендеріңіз үшін рахмет

«Қыз-ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы,құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы,даламыздың гүлі,өміріміздің сәні бола беріңіздер!

Жасөспірім шақта отбасында сааналы тәрбие,мектепте сапалы білім алып,қоғамның жеке дербес тұлғасы ретінде қалыптасып,келешекте білікті маман болып,елінің дамуына өз үлесін қосатын азаматшалары атанулары тиіс қой деген қорытынды пікірге келіп бүгінгі «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелімізді келесі бейнероликпен аяқтаймыз.

«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызға айтар ақыл бар

                                         (семинар-тренинг)

                                                          Мектеп психологтары:Найманбай М

                                                                                                 Беделбай Ғ.Б

]]>
«Қызға айтар ақыл бар»

admin Mon, 16 Jan 2023 10:55:10 +0600
Отбасы махаббаты неде ата-аналармен жұмыс https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/118-otbasy-mahabbaty-nede-ata-analarmen-zhmys.html https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/118-otbasy-mahabbaty-nede-ata-analarmen-zhmys.html Тренинг тақырыбы: Отбасы махаббаты неде?

Тренинг мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамашасы отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін түсіндіру. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Тренинг барысы:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

«Таныстыру» жаттығу.

Бейнеролик (әке 1сағатынды сатып алайыншы).

Ой пікір

Релаксациялық жаттығу

Ситуациялық сұрақтар

Сүйіспеншілік

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Отбасы махаббаты неде?» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі –баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табысы.

Баланы бастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық-суығына күйетін ата-ана жоқ шығар.

Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.

Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.

«Танысу» жаттығу.

Өз баламыздың есіміне жақсы көретін қасиетін қосып өзінізді таныстырыңыз. Мысалы: ақылды Сымбаттың анасы Айгул.

Бейне ролик.

Видеода балаға көңіл бөлінбей әкесінің 1 сағат уақытын сатып алмақшы болағы баяндалады.

Ой пікір(талқылау).

Ата-аналар бейне роликтен алған ой пікірлерін талқылайды.

Релаксациялық жаттығу.

• Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

• Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...

• Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.

• Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.

• Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.

• Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.

• Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.

• Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.

• Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.

Жауабы .

Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.

Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз – таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.

Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз

Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз -қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.

Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.

Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.

Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.

Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.

Ситуациялық сұрақтар.

1. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай : «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсын», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

2. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

3. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер , балабақша жасындағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? Ұшақ қалай ұшады?...деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

4. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6. Балаңыз мектептегі бір мұгаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

7. Сіздің балаңыз топтағы жақсы оқитын балалардың бірі, алайда бір күні тәрбиеші балаңызды үлгірімі нашар балалармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?

8. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрсыз. Балаңыздың тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

9. Сіздің тұңғышыңызды атасы-мен әжесі бауырына басқан. Тәртібі қиындап кеткен соң, өздерің қадағалағдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

Сүйіспеншілік.

Бір әйел үйге кайтып оралғанда, есіктің алдында үш ақ сақалды қарт адамды көреді. Бұрын олардың ешбіреуін көрмеген және танымаған. Әйел оларға: «Бұрын сіздерді еш таныған емеспін, үйіме кіріңіздер, тамақтың дәмін көріңіздер»-деді. “Үйдің иесі үйде ме?” – деп сұрады қарт адам. Әйел: “Жоқ”- дегенде, қарт адам: “Онда үйіңізге кіре алмаймыз”- деп жауап берді. Кешке үйдің иесі келген де, әйелоған күндіз болған оқиғаны түсіндірді, және бұл үш қарттардың әлі есіктің алдында күтіп отырғаны айтты. Әйелдің күйеуі: «Енді мен үйіме келдім, олардың күтіп отырғанымды айт»-деді. Әйел барып қарт адамдарды үйге шақырды. «Біз негізінен үйге үшеуміз бірге кірмейміз» - деді қарт адамдар. Әйел оның себебін сұрағанда, қарт адам басқаларын көрсетіп: «Оның аты-байлық, келесінің аты-табыс, ал менің атым-сүйіспеншілік»-деп жауап береді. «Қазір бар, күйеуіңмен ақылдасыңдар, деп сөзін бітірді. Әйел үйге келіп күйеуіне айтылғандарды түсіндіреді. Күйеуі бұл жағдайға қатты қуанады. «Солай болса, байлықты үйге шақыр!» - деді. Үйдің келіні бұл айтылғандарды естіп: «неге сүйіспеншілікті үйге шақырмасқа!?» - деді. Әйелі: «Неге табысты үйге шақырмаймыз?» - деп сұрады. Үйдің иесі: «Жарайды келіннің айтқанын істейік, бар сүйіспеншілікті үйімізге шақыр. Ол біздің қонағымыз болсын» - деді. Әйел қайтадан сыртқа шығып: «Кім араларыңызда сүйіспеншілік болса, оны үйімізге шақырамыз» - деді. Сүйіспеншілік тұрып үйге қарай барады. Бірақ артынан басқа екі қарт та тұрып, үйге қарай жүре бастады. Әйел түсінбей, байлық пен табысқа қарап: «Кешіріңіз, біз тек қана сүйіспеншілікті шақырдық!» - деді. Екі қарт кісі әйелге қарап: «Егер сіз тек

байлықты немесе табысты ғана шақырғанда, қалған екеуіміз сыртта қалатын едік». «Бірақ сіз сүйіспеншілікті шақырдыңыз, сүйіспеншілік барған жерге бізде барамыз»,-депді. «Сүйіспеншілік бар жерде, байлық та табыс та болады», - деді қарт кісі.

Қорытынды.

Қорыта келе отбастарыңыздан сүйіспеншілік, табыс, байлық, махаббат арылмасын.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлкеттік мекемесі

«Отбасы махаббаты неде?»

Тренинг-жаттығулар

                                       Мектеп психологтары:Найманбай М

                                                                                Бердыгулова А.Н

«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Анықтама

    Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамашасы отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін түсіндіру, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу, бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету мақсатында 6-7 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Отбасы махаббаты неде?» тақырыбында тренинг-жаттығулар жүргізілді.Тренинг барысында:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

«Таныстыру» жаттығуы

Бейнеролик (әке 1 сағатыңды сатып алайыншы)

Ой пікір

Релаксациялық жаттығу

Ситуациялық сұрақтар

Сүйіспеншілік   жаттығулары жүргізілді.

Қорытынды ата-аналар тренингке белсенділікпен қатысып,өз ойларын ашық білдірді.

 Мектеп психологтары:Найманбай М .Бердыгулова А.Н

]]>
Тренинг тақырыбы: Отбасы махаббаты неде?

admin Mon, 12 Dec 2022 10:53:41 +0600
Кибербуллинг https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/116-kiberbulling.html https://kasteev.panfilov.edu.kz/main/116-kiberbulling.html Тақырыбы: «Буллинг», «Кибербуллинг» туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.

Көрнекілік: интербелсенді тақта, бояулар, А4.

Мазмұны:

  1. Тренинг «Қар тілектері»
  2. Баяндама «Буллинг. Баланың барлық қатыгездіктен қорғалуға құқығы» Слайд.
  3. Артерапия

Семинар барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Тренинг «Қар тілектері»

Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Жүргізуші ортаға шығып, қағаздан дайындалған қарларды шашады. Қатысушылар қолына түскен кардағы жазылған жақсы, жылы тілектерді көршісіне тілейді.

II. Негізгі бөлімі

  1. Буллинг дегеніміз не?

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде  буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:

  • адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
  • оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
  • сол жайында өсек тарату
  • оны елемеу немесе жекелету
  • ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
  • ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
  • қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту

Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.

Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:

  • уайымдау
  • ұйқының бұзылуы
  • тәбеттің болмауы
  • өзі жайлы жаман ойлау
  • өз-өзіне физикалық зақым келтіру
  • өлім туралы ойлау
  • сабақ үлгерімдерінің нашарлауы
  • ауыру
  • “маған ешкім көмектесе алмайды” деп ойлау
  • өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану
  • қорқу

Буллингтің белгілері:

  • Күштің теңсіздігі
  • Агрессия
  • Ұзақ уақыт бойы іс- әрекеттердің қайталанбауы
  • Жәбірленушінің әсершілдігі

Буллингтің түрлері:

  • Физикалық
  • Вербалды
  • Қорқыту
  • Шеттету
  • Бопсалау
  • Мүлікті бүлдіру
  • Кибер буллинг

Буллинг құрбаны:

  • Физикалық кемістік, көзілдірік тағатын, құлағы нашар еститін, ДЦП ;
  • Мінез ерекшелігі тұйық, ұялшақ, сезімтал, мазасыз, сенімсіз, өзін- өзі сыйлауы төмен;
  • Түр әлпетінің ерекшеліктері: сепкіл, құлағы үлкен т.б.
  • Әлеуметтік дағдылардың төмен дамуы- досы жоқ, ешкіммен араласпайтын бала.
  • Мектеп қорқынышы- сабақты нашар оқитын т.б.
  • Ауыратындар- кекеш, дислалия т.б.
  • Жаңадан келген балалар.

Буллингті айыру белгісі:

  • Мектепке немесе оқу орнына барғысы келмейді;
  • Мектептен немесе оқу орнынан көңіл- күйі түсіп келеді;
  • Себепсіз жылау;
  • Сыныптастары немесе топтағылар туралы ештене айтпайды;
  • Сыныптастарының немесе топтағылардың үйіне, туған күн кештеріне бармайды;
  • Көп ауырады;
  • Ақша көп сұрайды
  • Көп сөйлемейді.

Суицидтік әрекетті болдырмау

  • психологиялық  қозу күшін бәсеңдету;
  • суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;
  • әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;
  • өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру

Түзету. Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік және дағдыларына үйрету. Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға арналған тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге тиіс.

Көмектесу үшін не істеуге болады?

1. Суицидке бару себебін ашатын кілтті табу керек. Суицидтен құтқару тек достарының қамқоры мен қатысуынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада аңғара білуге де байланысты. Сіздің сол қауіп туралы біліміңіз, ақпаратты меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

Болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе мінез-құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы тілек-талаптарын білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті үзілгендіктің көрініс беруін бірден байқап,  жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау керек.

2. Қамқорлық қарым-қатынас орнатыңыз. Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты маңызды мәселені жан-жақты қарастырып, шеше алатын жауап табу қиын. Бірақ егер сіз өмірден түңілген адамды түсіне біліп, оның жанын ұғына білуге тырыссаңыз, үлкен қадам жасағаныңыз. Әрі қарайғы жағдай сіздің өзара қарым-қатынасыңыздың сапасына байланысты болады. Оны тек сөзбен ғана емес, сонымен бірге вербальді емес эмпатиямен де білдіруге болады; мұндай жағдайда ақыл үйрету емес, қолдау көрсете білу тиімдірек болады.   

3. Мұқият тыңдай білетін тыңдаушы болыңыз. Суицидке баратын адамдар әсіресе қатты оқшаулану сезіміне берілгіш болады. Соған байланысты олар сіздің ақыл-кеңестеріңізді қабылдауға құлықтары болмайды. Олар көбінесе өздерінің жан жарасын, уайымдарын талқылауды қажет етеді, яғни «Менде өмір сүруге тұрарлықтай ештеңе жоқ» деген сияқты сөздерімен жеткізеді. Егер адам депрессияға ұшыраған болса, онда онымен әңгімелескеннен гөрі оған өзі туралы көбірек айтқызған дұрыс болады. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын,  тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.

4. Алмастыра алатын әрекеттер ұсыныңыз.

Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз. 

Суицидтің алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі көмек беру үшін психикалық дискомфорттың  бастауын анықтау болып табылады. Бұл қиын болуы мүмкін, өйткені суицидтің «азық алатын ортасы» құпиялылық екені белгілі. Өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды өзінің проблемасын өзі електен өткізіп және оны қиындатып тұрған не екенін нақтырақ анықтауына итермелеу керек.

5. Үміт ұялатыңыз. Өзін-өзі құртуға бейім депрессивті адамдармен жұмыс ауқымды және жауапты болып табылады. Психотерапевтер олар не айтатынына және не сезетініне назарды жұмылдыру өте құнды болып келетіні туралы тұжырымға баяғыда келген. Мазалайтын жасырын ойлар сыртқа шыққанда басқа түскен бәле сондай қорқынышты емес, тіпті шешуге тұрарлықтай болып көрінуі әбден мүмкін. Қандай да бір үміттену де пайда болады.

6. Жоғары суицидтік тәуекел жағдайында адамды жалғыз қалдырмаңыз. Кризистік жағдай шешілгенге шейін немесе көмек келгенге дейін  оның жанында барынша ұзақ қалуға тырысыңыз немесе біреуге тапсырыңыз. Мүмкін жедел жәрдем стансасына қоңырау шалу керек болар немесе емханаға хабарласу керек. Есіңізде болсын, қолдау көрсету сізге белгілі бір жауапкершілік артады.

7. Мамандардан көмек сұраңыз. Суицидке баратын адамдардың көру аймағы тарылған, түнек басқан санада болады. Олардың санасы көтеруі қиын проблемаларды шешу жолдарын толық игеруге мүмкіндік бермейді. Олар алдымен қолдау табуды өтінеді. Достары, әрине, жақсы ниетпен көмекке ұмтылуы мүмкін, бірақ олардың білік пен тәжірибесі жетіңкіремейді, одан басқа олар тым әсерлі эмоционалдылыққа бейім болып келеді.

8. Қамқорлық және қолдау көрсетуді сақтаудың маңыздылығы. Егер қауіп-қатер айналып өтіп кеткен жағдайдың өзінде мамандар болсын немесе отбасы болсын босаңсуға болмайды. Одан да қауіптісі алда болуы мүмкін. Ауру адамның психикалық белсенділігінің жоғарлауын жағдайының жақсарғаны деп ойлап қалуға да болады. Бірақ кейде депрессивті адамдар өзіне-өзі қол салу қарсаңында іс-әрекетке басымен кіріп кетеді. Олар ренжіткен адамдарының барлығынан кешірім сұрайды. Осыны көріп, сіз арқаңызды кеңге саласыз және қырағылықты бәсеңдетіп алуыңыз мүмкін. Бірақ бұл қылықтар барлығының алдындағы қарыздары мен міндеттерінен құтылып, содан кейін өзіне қол жұмсау керек деген шешімге келуінің хабаршысы болуы мүмкін. Шындығында, суицидке барушылардың тең жартысы психологиялық кризистің басталғанынан үш айдан кем емес уақыттан кейін өзіне-өзі қол салады.

Бейнеролик: Буллинг.

IІІ. Қорытынды

Педагогтың буллинг жағдайында жүрген балаға көмек көрсету:

  • Педагог осы жағдайдағы сезімін жақсы түсінетінін білдіру. Сонда оқушы өзін жалғыз сезінбейді, қолдау мен көмек алатынына көз жеткізу.
  • Өзін бағалауының көтерілуін қажет етеді. Сен болған оқиғаны айтып нағыз батырлық жасадың” оның батырлығын бағалаңыз.

Ата- аналарға жадынама

Егер бала буллинг жағдайына түскенін мәлімдеп берсе, ата- ана сабырлы болып, ашуды көрсетпеуі қажет, өйткені ата- ана ашу мен мазасыздығын байқатуы- әлсіздіктің белгісі. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып оны жұбату қажет. Бәрін білгішсініп ақыл үйретуден аулақ болу, өйткені баланың өзін- өзі бағалауы, өзіне деген сенімі одан ары қарай жоғалып кетуі мүмкін.

Шұғыл түрде әрекет жасау: баланың көзінше мұғалімге телефон шалып сөйлесу.

Мұғаліммен сұхбат жүргізу барысында өзін сабырлы ұстау (эмоцияларға ерік бермеу), дегенмен ата- ана ретінде балаңызға жауапты екенін білдіре отырып келеңсіздіктерге жол бермейтінін жеткізу.

Балаға зорлыққа жол бермейтінін көз жеткізу. Ата- ана қамқорлығын сезген бала өз ойын басқаға жеңіл аударады. Өзіне сенімділікті оята алады.

Буллингтің алдын- алуының психологиялық көрінісі:

Буллингті болдырмау шартын құру. Баланы сәйкес күйзеліс әсерінен жылдам және сауатты бөлектеу. Дені сау және сол сияқты соматикалық немесе психикалық патологиясы бар балаларда және жасөспірімдерде қудалауға қарсы тұруға денсаулықтың және тұлғаның күшін нығайту. Әрбір адам өмір сүруге құқылы. Олай болса неге арамызда өз өлімінен бұрын өмірден озатын адамдар кездеседі? Қиыншылыққа төзбей өмірден өте салу оңай. Бірақ, осының артында қаншама қайғы-қасірет, мұң бар десеңізші! Сондықтан да мұндай нәрседен аулақ болайық !

Балаға қатысты зорлық – бұл дене немесе эмоционалды қатал қарым-қатынас, сексуалды қорлық, қаңғыбастық немесе ата-ана міндеттерінен ауытқу, коммерциялық немесе басқа да қанау, баланың денсаулығына, дамуына немесе намысына, сеніміне зиян келтіретін барлық формалардың түрлері. Бала құқығы туралы Конвенция балалардың барлық зорлық түрлерінен қорғалуға құқығы бар, балаларға қатысты зорлық көлемінің ауқымын мойындайды және көрсетеді. Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, өлім, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты «тәртіп шаралары» сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Балалардың құқығы туралы Конвенция балаларға қатысты зорлықтың қандай түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды дейді. Конвенцияға сәйкес балалардың «тұлғалық және психологиялық зорлықтың кез-келген түріне» тұлғалық және жеке қол сұғылмаушылыққа құқығы бар. Конвенция зорлықтың барлық түрі зиянды және баланың өміріне кері әсерін тигізетінін мойындайды. Зорлық көрген балалар көбінесе дұрыс тамақтанбайды да түрлі ауруларға душар болады, мектепте нашар оқиды, өзін-өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын көрсетеді. Зорлық-зомбылық келесі құқықтарды бұзады: 

- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын; 

- қатал қарым-қатынасқа берілмеу құқығын; 

- өмір сүруге және жеке өміріне қолсұғылмашылық құқығын; 

-тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандарттыры құқығы. 

Зорлық-зомбылықтың құрбандары – отбасында, білім беру және қорғаншылық мекемелерінде (физикалық, жыныстық, психологиялық зорлық, кемсітушілік немесе қиянат жасаушылық, қамқорлықтың болмауы, дөрекі қарым- қатынас пен қанаушылық ) жағдайға тап болған балалар. 

Зорлық – зомбылық түрлері 

  1. Физикалық зорлық: Соққы, жармасу, алақанмен немесе жұдырықпен не болмаса басқа да нәрселермен ұру, ешқайда шығармау, тұншықтыру, соққыға жығу, ұрып – соғу, қару- жарақ қолдану, отпен зақымдау, әлеуметтік немесе медициналық көмектің жәбірленушіге қолжетерлік жағдайда болмауы және т.б. 
  2. Жыныстық зорлық: Күшпен, қорқыту немесе бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа көндіру, зорлау; жыныстық қатынастағы әрекет арқылы жәбірленушінің денсаулығына қиянат жасау және т.б. 
  3. Психологиялық зорлық:Сөзбен кемсітушілік, бопсалау, құрбандарға және басқаларға өзіне қатысты зорлыққа қоқанлоқы, жеке заттар мен үй жануарларына қатысты зорлық арқылы қорқыту; аңду; жәбірленушінің қызметін бақылау; жәбірленушінің араласатын ортасын бақылау; зәбірленушінің әр түрлі орындарын (әлеуметтік және медициналық көмегін, жолкөлігін, достарымен араласуын, білім алуын, жұмысын және т.б.) бақылау. 
  4. Эмоциялық зорлық: жәбірленушіні өзін кемсітетін әрекеттерге күшпен көндіру, жәбірленушінің күн тәртібіне бақылау жасап отыру т.б. 
  5. Экономикалық зорлық:  Балаларды қамтамасыз етуден бас тарту; табысты; отбасылық қаражатты оң- солды жұмсау, көптеген қаражаттық шешімдерді өз бетімен қабылдау ( азық – түлік алуда балалардың қажеттіліктері есептелмейді). 
  6. Балалар еңбегін қанау:күшпен жұмыс істету, құлдық, қорқытып алу, қайыршылық.

Артерапия «Мұңымды тарқатамын»

«Алгоритм решение проблем»

Берілген тақырыпқа қатысушылар сурет салады және талқылайды.

«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Буллинг», «Кибербуллинг» туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу

]]>
Тақырыбы: «Буллинг», «Кибербуллинг» туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

admin Mon, 05 Dec 2022 10:46:00 +0600