Аймақтық семинар » А.Қастеев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қастеев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
17
февраль
2024

Аймақтық семинар

     2024 жылдың  15 қаңтар күні  Әбілхан Қастеев атындағы орта мектебінде  «Кәсіби даму арқылы  сыни ойлау дағдыларын дамыту»  тақырыбында аймақтық тәжірибе алмасу семинары болып өтті.Аймақтық тәжірибе алмасу семинарына серіктес мектептерден атап айтсақ, Надек,Сүптай ауылдарынан    педагогтер келіп қатысты.   Семинардың жоспары жасалып,  бағдарламасы құрылып, шебер сынып,коучинг өтетін ұстаздар бекітілді. 

   Аймақтық тәжірибе алмасу семинарын мектептің тәжірибелі ұстазы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ш.М.Ауғанбаева «Сын тұрғысынан ойлаудың білім алушылардың   біліміне әсері» атты шебер сыныбымен бастады. Шебер-сыныптың  «Қызығушылықты ояту» кезеңі  өте тартымды болды.  « Сәлем-сөздің анасы»  атты   амандасу  түрлері  қатысушылардың ойлау қабілеттерін, қанша тілде амандаса алатынын көрсетті.Қатысушылар корей,жапон, ағылшын және неміс  тағы басқа халықтар тілдерінде амандасты. «Мағынаны тану» бөлімінде СТО стратегияларымен танысты .

«Ой қозғау» кезеңінде «Денсаулық-баға жетпес байлық» тақырыбын оқып мәтінге «Фрайер», “FILA”, « Соңғы сөзді мен айтам» әдістері арқылы мәтінге талдау жасады .Нәтижесінде қатысушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бірін-бірі бағалады.

Уақытты ұтымды пайдаланып, аз уақыттың ішінде 3 түрлі әдіспен жұмыс жасап үйренгендерін жазып,шынайы алғыстарын білдірді.

 Семинар  мектептің тәжірибелі ұстаздарының бірі,математика пәнінің мұғалімі Н.Б.Аязбаеваның  «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту» тақырыбындағы семинар-коучингімен жалғасын тапты.Семинар-коучингтің мақсаты  топтық жұмыстың  тиімділігіне көз жеткізе отырып,  оқушылардың  танымдық   қабілеттерін   дамытуда  топтық   тапсырмалар  мен   жұмыстарды    ұйымдастырып   тиімді   пайдалана   білу  мен оқушыларға  білікті , сыни ойшыл болуға мүмкіндік беру  болды.

Нұрбүбі Базарханқызы топтық бірліктің адам өміріндегі маңыздылығына  тоқтала отырып, «Қаздар сабағы» бейнеролигін көрсету арқылы   қатысушы ұстаздар қауымына ой тастады.

Топтар «Жақсылық» атты   мәтінді оқып,болжамды жауаптарын айтты.Өз пікірлерімен бөлісе отырып, бір шешімге келді.Топтар бірін-бірі бағалап,   мәтін оқиғасының  адами болмысқа әсерін  жеткізе білді. «Гаухарлар иерархиясы»  әдісін Төлебидің «Кісі баласын бақсаң атақ аласың, өз балаңды бақсаң абырой аласың » деген қанатты сөзімен бастады.Ата-аналардың күні бойы жұмыста болып,  балаларына дұрыс қарап ,тәрбие бере алмау себебінен   балалар ауруының көбеюі,сұрағы көп осы мәселелерді шешудің   9 пікірін «Гаухарлар иерхиясына » орналастыруларын сұрады.

Топ мүшелері ақпаратты талдап,зерттеп, практикалық жұмыс орындай отырып,проблемалық жағдайды шеше білді. Өз ойларын ашық айтып, жұмыстарын қорғады.Бірін-бірі толықтырып,бағалай білді.Қатысушылар білім қоржынына  өз ойларын, не білгенін,не үйренгенін жазып салды.

Н.Б.Аязбаеваға  өз алғыстарын білдіре отырып, әлі де бұл ұстаздан үйренерлері көп екенін айтты.

Аймақтық  семинар  директордың әдістемелік ісі жөніндегі  орынбасары Г.К.Байгулакова мен тәжірибелі ұстаз,  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.С.Дуанкулованың «Зерттеу сабақтарындағы кедергілермен оларды жою жолдарын анықтау »  атты  коучингімен жалғасты.Коучингтің  мақсаты  оқу мен оқытуда бөгет болатын факторларды айқындап, негізгі кедергілерді қарастырып және оларды жою жолдарын анықтау болды.Коучинг жағымды психологиялық ахуал тудырумен басталды.Қатысушыларға  «Триумф» фильмінен үзінді көрсетілді. Үзіндінің адамға  әсері мен  қиындық   сөзінің спортта кездесетін синонимін   табу туралы ой тасталды. Кедергі деген не? –деген сұрақ қоя отырып, «Ассоциация»әдісі арқылы «кедергі» сөзіне жан-жақты түсінік берілді.Екінші циклде «Тәжірибе бөлісу»  әдісі  бойынша   houseтапсырмасын қорғады. 

2 зерттеу сабағын өткізген   пән бірлестіктері жұмыстарын қорғады.Зерттеу сабағын өткізуде кездескен кедергілерімен,оны шешу жолдарын көрсетіп, болашаққа жоспарларын ұсынды.  «Менен сұрақ, сізден жауап»  бөлімінде   «Сабақты жоспарлауда қандай қиындықтар туындады?Әсіресе ол қиындықтар сабақтың қай кезеңіне қатысты болды?Зерттеу нәтижесінде, зерттеу сұрағына қаншалықты деңгейде жемісті жауап бере алдыңыз? Зерттеу сабағында қандай әдіс сіздің сабағынызда тиімді болды? Зерттеу нәтижеңіз қандай деңгейге жетті деп ойлайсыз? Зерттеу нәтижеңізде зерттеу сұрағына қаншалықты деңгейде жемісті жауап таба алдыңыз? Балаларды оқытуда сіздерге қандай қиындықтар кездеседі? Оқуда балалар қандай кедергілерге тап болады? Өз тәжірибеңіздегі кедергілерді жоюда сізге не жетіспеді деп ойлайсыз ? Мотивацияны қолдану арқылы оқуда және сабақ беруде кедергілерді жоюға бола ма?Қабілет дағдысы орташа немесе әлсіз оқушыларға көмек көрсетуде қандай әдіс-тәсілдер қолданар едіңіз?» деген сұрақтарға қатысушылар жауап іздеді.Teachers арасында туындаған диалог әрбір әріптестің кәсіби дамуына, оқушының қажеттіліктерін анықтауға бағытталды. Бәрі менің қолымда «Feedback» сәтінде ұстаздар бес саусаққа өз ойларын жазып қалдырды. Семинар соңында  серіктес мектептерден келген педагогтер  өз алғыстарын білдірді. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив