Үйден оқитын оқушылармен жұмыс
«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Kerbulak district
Анықтама
Оқушы бойындағы зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту, баланың ырықты зейіні арқылы жеке басы мен ерік сапасын қалыптастыру арқылы зейін қасиеттерін жетілдіру мақсатында үйден оқитын оқушыларға «Бәріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» тақырыбында психологиялық жаттығулар өткізілді.Сабақ барысында оқушымен көңілді сәлемдесу,бүгінгі күнге сәттілік тілеу, сұрақ қою арқылы әңгімеге тарту.Сабақ тақырыбымен таныстырып, сабақ барысындағы эмоциялық ахуалына назар аудару және сабаққа қажетті құрал жабдықтардың түгелдігін қадағаланды.Оқушылардың есту зейінділігін дамыту мақсатында «Байқағыштықты және зейінді анықтауға арналған әдістеме» жүргізілді.Сонымен қатар «Жіптің ұшын тап жаттығуы», «Ойыншықты сипатта», «Сиқырлы қоржын», «Қиялыңды шарықтат», «Алақан жаттығуы», «Зейінді бол» жаттығулары жүргізілді.Тренинг соңында оқушыларға «Сөздерді жаттап ал» жаттығуы жүргізілді,оқушыларға тақтадан сөздер тізімі көрсетілді,оқушылар сол сөздерді 1 минут ішінде есте сақтап айтулары керек.
Мектеп психологтары:Найманбай М
Беделбай Ғ.Б