16
March
2022
Жанжал мен буллингтің негізгі белгілері
Жанжал мен буллингтің негізгі белгілері
Құрметті ата-аналар бүгінгі күнгі балалар арасында өзекті мәселе – буллинг. Буллингті анықтау - кемсіту, шеттету жағдайларын тоқтатудың алғашқы қадамы. Егерде балаңыздың бойынан деструктивтік мінез байқасаңыз мән беріңіз. Ондай мінездің орын алу себебі балаңызға басқалар қысым көрсетіп, мазақтап, келемеждеп, намысына тиіп жүруі әбден мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын алу өте маңызды, алайда балаңыз осындай жағдайға яғни буллинге тап болса оны тоқтату қажет.
Төмендегі буллинг пен жанжалдың 5 белгісі туралы пікірмен танысыңыздар.
Ата –ана баласының бойынан біреуге әлімжеттік жасап, қысым көрсету әрекетін байқаса дереу тоқтатуға күш салу керек. Себебі мұның соңы баланы ертеңгі күні қылмысқа баруға итермелеп, опық жеп қалуы мүмкін.
Құрметті ата аналар балаларымызды дұрыс жолда жүруіне мән беріп, болашағының жарқын болуын қамтамасыз ету біздің парызымыз екендігін басты назарға алайық

- Бірінші және ең негізгі айырмашылық - қорқыту кезіндегі күштің сәйкессіздігі.
- Жанжалдан буллингтің екінші айырмашылығы - әрекеттің қасақана жасалуы
- Буллинг кезінде күш көрсетуші мен буллинг құрбанының арасында себеп боMayды. Бұл мәселенің үшінші айырмашылығы.
- Төртінші белгі: әрекеттің ұзақтығы мен қайталануы
- Бесінші белгісі Конфликт шешілуі мүмкін Оған ұстаздар, ата-аналар араласып, мәселе оң шешімін тауып жатады. Я болмаса өздері достасып кетеді.Ал буллингті тек тоқтатуға болады. Әрі қарай жалғасуы мүмкін. Жан-жал тараптардың күшімен шешіледі. Ал буллинг ересектердің араласуымен уақытша тоқтауы ықтимал. Көп жағдайда жәбір көрсетуші оқушы ұстазының немесе ата-анасының назары сәл тайған кезде бопсалауын жалғастырады. Оқушылар бір-бірін кемсітіп, мазақтап жатқанда біз оларға ойын баласы деп қарап,мән бермеуіміз мүмкін.Соның кесірінен әлсіз бала тұрақты түрде зардап шегеді.Мәселен оқушылар бір-бірінің сөмкесін лақтырып ойнайды, жеке затын тартып алады, физикалық зақым келеді.Мәселенің алдын-алмаса басқа балларда буллинг жасаушылардың санын толықтыруы ғажап емес. Мұның соңы сенімнің жоғалуына, күйзеліске әкеп соқырады.