23
февраль
2024
Қауіпсіздік
Жетісу облысы Панфилов ауданы Алтыүй ауылы "Ә. Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры К. Т. Медетбекованың басшылығымен 2024 жылдың 23 ақпан күні сағат 12:30 - де «Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар» тақырыбында оқушылар мен қызметкерлер арасында сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқушылар мен қызметкерлер төтенше жағдай туралы дабыл қағылған сәттен бастап оқу ғимаратын тастап шықты. Ғимараттан қауіпсіз алаңға сыныптардың оқушылары және мектеп қызметкерлері мен мұғалімдері сапқа тұрғызылып, сынып жетекшілер тарапынан түгелдеу жұмыстары жүргізілді. Қорытынды ретінде оқу жаттығудың мақсаттары мен іс-шараны жетілдірудің әдістері қатысушыларға хабардар етілді.
https://www.facebook.com/share/p/iVSUR6qqVJbUjabP/?mibextid=qi2Omg