1-сынып оқушыларының бейімделуі
«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» отдела образования Кербулакского района
Мектеп психологтарының 1 сынып оқушыларымен жүргізген жұмысына
Анықтама
1-сынып оқушыларының бейімделуін және мектепке дайындығын анықтау мақсатында Керн-Йирасектің үш тесті бойынша оқушылардың оқуға деген ынтасын,мектеп талаптарын орындауға икемділік ерекшеліктерін анықтау үшін диагностикалық жұмыстар өткізілді.
Тест үш графикалық және бір ауызша тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма – ер адамның сыртқы пішінін салу, екіншісі - әріптердің жазба түрін көшіріп жазу, үшіншісі – нүктелер тобын көшіріп жазу. Әр тапсырманың нәтижесі бес ұпайлық жүйемен бағаланады (1-жоғары, 5-төменгі ұпай). Содан кейін үш тапсырма бойынша жиынтық баға шығарылады: 3-6 ұпайға дейін ортадан жоғары, 7-11-ге дейін орта, 12-15 ұпай нормадан төмен. 12-15 ұпай алған балаларды тереңірек зерттеу қажет. Өйткені, олардың ақыл-ойының дамуы төмен болуы мүмкін.
Диагностикалық жұмысқа 105 оқушы қатысты.
Алынған тест қортыныдысы бойынша
1 А сыныбында 24 оқушы қатысты. Оның ішінде 12 оқушы жоғары деңгейді, 10 оқушы орташа, нормадан төмен -2 оқушы анықталды.
1 Ә сыныбы бойынша 24 оқушы қатысты. Оның ішінде 3оқушы жоғары деңгейді, 19 оқушы – орташа, төмен-2 оқушы анықталды.
1 Б сыныбы бойынша 20 оқушы қатысты. Жоғары- 10 оқушы, орташа-9, төмен-1
1 В сыныбы бойынша 18 оқушы қатысты. Жоғары – 13 оқушы, орташа -5 оқушы, анықталды.Төмен деңгей көрсеткен оқушы жоқ.
1 Г сыныбы бойынша 19 оқушы қатысты. Жоғары -10 , орташа- 9 оқушы анықталды . Төмен деңгей көрсеткен оқушы жоқ.
Диагностикалау барысында анықталған оқушылар мектеп ережесін меңгерген,осы алынған тест қорытындасы бойынша сынып жетекшіге таныстырылды.
Қорытынды:Жалпы балалар оқуға дайын.Ерекше назар аударатын және тереңірек зерттеуді қажет ететін балалармен жеке түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.
Анықтама жазған мектеп психологтары. М.Найманбай
Ғ. Беделбай
1 а сынып оқушыларының «Керн Иерасик» тесті бойынша қорытынды мониторингі
1 ә сынып оқушыларының «Керн Иерасик» тесті бойынша қорытынды мониторингі
1 б сынып оқушыларының «Керн Иерасик» тесті бойынша қорытынды мониторингі
1 в сынып оқушыларының «Керн Иерасик» тесті бойынша қорытынды мониторингі
1 г сынып оқушыларының «Керн Иерасик» тесті бойынша қорытынды мониторингі