Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және фмзиологиялық зорлық-зомбылық
«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»отдела образования Кербулакского района
7-11 сынып оқушыларының ата - аналарына
суицидтің алдын - алу бойынша «Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физиологиялық зорлық-зомбылық» тақырыбында өтілген іс-шараның анықтамасы
Мақсаты: Физикалық зорлық-зомбылықтың
негізгі формасы жайында түсінік беру.
Мерзімі: Қыркүйек
Кімдермен: 7-11 сыныптың ата-аналарына
7-11 сыныптың ата-аналарына «Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физиологиялық зорлық-зомбылық» тақырыбында слайд арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп психолог тарапынан кеңестер берілді. Аталған шараға ата аналар белсене қатысып өз ойларымен бөлісе отырды. Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Мектеп психологтары:Беделбай Ғ.Б
Найманбай М