Қыз балалар және ұл балалардың гигиеналық тазалығы
«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Kerbulak district
2022-2023 оқу жылы
Анықтама
Тақырыбы: «Қыз балалар және ұл балалардың гигиеналық тазалығы».
Мақсаты:Қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы түсінік.
Сыныбы:5-10 сыныптар
Барысы:
Мектеп медбикесі: Жалпы ағзадағы өзгерістер жайлы оқушыларға түсіндірді.
«Тоғыз және он төрт жас аралығында қыз баланың тәнінде болашақта оны бойжеткенге айналдыратын өзгерістер басталады. Кейбіреулерінде бұл үдеріс бұдан да ерте көрініс береді (7-8 жаста).
Алдымен қыз бала өзімен қатарлас ер балалардан аса ерекшеленбейді (жыныс ағзаларын қоспағанда): кеудесі дамымаған, қолтық пен қасағада түкті қабат жоқ, дене бітімі әлі баланыкі, яғни, бейтарап.
Алайда қызды бойжеткенге айналдыру үдерісін басқаратын мидың ерекше бөлігі – гипоталамус өз жұмысын бастайды. Ол ерекше заттар – «босату факторы» деп аталатын гормондар немесе химиялық медиаторларды бөледі.
Сырт келбеттегі өзгерістер
Гормондардың әсерінен қыз баланың сыртқы түрі де өзгереді. Оның бойы өседі, бұл кезде ол өз қатарлы ұлдардан биіктеу. Кеудесі өсе бастайды. Кеуде ұштары ұлғайып, пигменттеледі. Бел білініп, бөксе өлшемі өседі. Бөкседе, жамбаста May тіні байқалады.
Тері бетінде де өзгерістер көрінеді. Жоғарғы қабат (эпидермис) жұқарады (әйел терісі еркектердікімен салыстырғанда жұқалау әрі нәзік), May бездерінің қызметі өзгереді.
Психолог: Жасөсіпірім қыз баланың жалпы тазалығымен бірге жыныс ағзаларының, әсіресе етеккір кезіндегі тазалығы аса маңызды. Жыныс мүшелері гигиенасы – жыныс мүшелерінің дұрыс қызмет етуінің және аурулардың алдын алудың алғаш шарты. Жыныс мүшелерін күнделікті тазалап жуу шарт. Бұл жердің терісі тым нәзік, сондықтан оны қабыну мен қозуға жол бермеу үшін ақырын, мұқият жуу керек.
Әйел жыныс мүшелерінің тазалығы оның өмірінің әр кезеңінде өзінше ерекшеленеді. Қыз бала қынабының шырышты қабаты өте нәзік, сондықтан жұқпаларға тұрақсыз және тез жарақаттанғыш. Тиісті тазалық шарттары сақталмаған жағдайда, вульвит дамуы мүмкін.
Таңертең және ұйықтар алдында кіші және үлкен дәретке отырған соң жыныс мүшелерін жылы сумен жуу шарт. Таза қолмен, мақтамен немесе дәке шүберекпен қасағадан анусқа қарай жуу керек.
Қыздар сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға толық жауап берді. Өздерін мазалап жүрген ойларымен бөлісіп, жауаптарын алды.
Мектеп психологтары: Найманбай М
Беделбай Ғ.Б