«Табыс септік» LS сабақ
Касымбекова Махаббат Мухаметкалиевнаның L. S. зерттеу сабағына рефлексивті есебі
2024 жылы 24-қаңтар күні Қазақ тілі пәнінен «Табыс септік» тақырыбында сабақ өттім.
L.S. зерттеу сабағында сын тұрғысынан ойлау дaғдылaрын кеңінен қолдана отырып "Көршіңмен бөліс"әдісі арқылы houseтапсырмасын тексердім.
Тaқыpыпты aшy үшін «Зат есімнің септелуі» атты бейнеролик көрсету арқылы оқушылардың зейінін сабаққа аударып алдым. «Мюнстерберг» әдісі жаңа сабақтың тақырыбын aшуғa мүмкіндік бeрді. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алып, табыс септігінің ережесімен таныстырдым.
Жаңа сабақ
«Білу және түсіну» Оқулықпен жұмыста 51-жаттығу бойынша мәтінді аудиожазбадан тыңдауды ұсындым. Бұл тәсіл арқылы, оқушылар аудиожазбаны мұқият тыңдап, тыңдалған мәтін бойынша өз ой пікірлерімен бөлісті.
Топтық жұмыс
54-жаттығу
Әр топ өздеріне берілген сөзге табыс септігінің жалғауын жалғап,сол сөзден сөйлем құрап жазу тапсырылды. Табыс септіктегі сөздің қай сөзбен байланысатынын сызбамен көрсетіп,берілген кесте бойынша талдау ұсынылды.Топ мүшелері бірлесе отырып тапсырманы толық орындап,қорғады.
Сергіту сәті «Әуеннен қалма!» әуен ырғағымен бірге қимыл-қозғалыс жасап сергіп қалды. Өте көңілді болды.
Жұптық жұмыс
«Жұмыртқа аршу» арқылы зат есімнің септелуі туралы алған білімдерін дамыту мақсатында тапсырма бердім.Әр жұп өзіне берілген тапсырманы орындау үшін,жұмыртқаны ашып тапсырманы орындайды. Берілген сөзді септеп жазып шықты.Барлық жұп жауаптарын оқып таныстырды.
52-жаттығу Дәптермен жұмыс/Тақтаман жұмыс/
Сөйлемдерді көшіріп жазып.табыс септігіндегі сөзді тауып,сұрақ қойып ,сөз құрамына талдады.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Көгершіннен хат» әдісі өте тиімді болды.Себебі әр оқушы көгершін тапсырмаларын орындап,ережелерді еске түіріп ,мысалдар келтірді. ЕБҚЕО оқушыларға табыс септігіне қатысты сөйлем құрау тапсырылды.
Бәрі жоғары белсенділік танытты
Сабақ соңында кері байланыс пен өзін-өзі бағалау «Ми» әдісі арқылы жүзеге асырылды. Әр оқушы тапсырмалар бойынша жинаған балдарын айтып,бүгінгі сабақтан алған әсерлерін шамдарды бояу арқылы жеткізді.
Сабақтағы тиімсіз әдіс «Өзін-өзі бағалау» топтық жұмыста нақты болмады. Келесі сабақта топтық жұмыста топ мүшелерін топбасшыға бағалату ескеріледі.Әлі де болса өзін –өзі нақты бағалауға оқушыларды төселдіре түсу қажет деп шештім.