Ұсақ қол маторикасын дамыту жаттығулары » А.Қастеев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қастеев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұсақ қол маторикасын дамыту жаттығулары
05
октябрь
2022

Ұсақ қол маторикасын дамыту жаттығулары

Тақырыбы: «Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар»

Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

«Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

«Кірпі» жаттығуы       

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа, 

Өкпелеме жарайма!

«Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.       

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

Разминка:

Санайық жаңаша

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

«Қимылды қайтала» жаттығуы

Мақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы :

Педагог балаға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.

«Санамақ» ойыны.

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)

Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)

Саусақ жаттығулары

Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).

Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаң да,

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

Саусақтар жүреді :

Екі саусақпен 5-ке дейінгі тура және кері санап, алға-артқа жүру.

Саусақ жаттығулары қарапайым күрделіге қарай ойысады. Ол екіге бөлінеді:

Отырып ойнайтын саусақ ойындары. (саусақ ұштарымен қимылдатамыз);

Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып орындалады.

Пассивті жаттығу- ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға жалғасады. Бұл жерде массажды әрекеттер баланың жеке бас диагнозына байланысты жүргізіледі. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасның даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтармен айтылады.

Барлық жаттығулар 3 топқа бөлінеді:

1-топ Қолдың білектеріне арналған жаттығулар:

еліктеу қабілетін дамытады;

бұлшық еттерді жиыруға бірнеше уақытқа дейін сақтау білігін дамытады.

бір қозғалыстан екінші қозғалысқа ауысуға үйретеді.

2-топ Саусақтарға арналған шартты статикалық жаттығулар:

Бұрын алынған дағдыларды жоғары деңгейде жүзеге асырады және неғұрлым нақты қозғалысты талап етеді.

3-топ Саусақтарға арналған динамикалық жаттығулар;

қозғалыстың нақты координациясын дамытады;

қол саусақтарын бүгуге және жазуға үйретеді;

бас бармақты басқа саусақтарға қарама-қарсы қоюға үйретеді.














































«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағы орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі























«Қол маторикасын дамыту жаттығулары»








































«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағы орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Анықтама


Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті , ынтасы арттыру, сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру мақсатында 1-4 сынып оқушыларымен «Қол маторикасын дамыту» жаттығулары жүргізілді.Жаттығу барысында: «Салат» саусақ ойыны, «Кірпі» жаттығуы, «Достық» жаттығуы, Қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту мақсатында «Қимылды қайтала» жаттығуы, кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту мақсатында «Санамақ» ойыны,Шынжыр жаттығуы және т.б жаттығулар жүргізілді.




                                                        Мектеп психолотары:Найманбай М

                                                                                          Беделбай Ғ.Б

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив