Отбасы махаббаты неде ата-аналармен жұмыс
Тренинг тақырыбы: Отбасы махаббаты неде?
Тренинг мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамашасы отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін түсіндіру. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Тренинг барысы:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
«Таныстыру» жаттығу.
Бейнеролик (әке 1сағатынды сатып алайыншы).
Ой пікір
Релаксациялық жаттығу
Ситуациялық сұрақтар
Сүйіспеншілік
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Бүгінгі біздің «Отбасы махаббаты неде?» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі –баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табысы.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық-суығына күйетін ата-ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.
Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.
«Танысу» жаттығу.
Өз баламыздың есіміне жақсы көретін қасиетін қосып өзінізді таныстырыңыз. Мысалы: ақылды Сымбаттың анасы Айгул.
Бейне ролик.
Видеода балаға көңіл бөлінбей әкесінің 1 сағат уақытын сатып алмақшы болағы баяндалады.
Ой пікір(талқылау).
Ата-аналар бейне роликтен алған ой пікірлерін талқылайды.
Релаксациялық жаттығу.
• Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.
• Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...
• Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.
• Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.
• Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.
• Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.
• Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.
• Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.
• Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.
Жауабы .
Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.
Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз – таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.
Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз
Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз -қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.
Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.
Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.
Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.
Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.
Ситуациялық сұрақтар.
1. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай : «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсын», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
2. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
3. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер , балабақша жасындағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? Ұшақ қалай ұшады?...деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
4. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?
6. Балаңыз мектептегі бір мұгаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?
7. Сіздің балаңыз топтағы жақсы оқитын балалардың бірі, алайда бір күні тәрбиеші балаңызды үлгірімі нашар балалармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
8. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрсыз. Балаңыздың тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
9. Сіздің тұңғышыңызды атасы-мен әжесі бауырына басқан. Тәртібі қиындап кеткен соң, өздерің қадағалағдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?
Сүйіспеншілік.
Бір әйел үйге кайтып оралғанда, есіктің алдында үш ақ сақалды қарт адамды көреді. Бұрын олардың ешбіреуін көрмеген және танымаған. Әйел оларға: «Бұрын сіздерді еш таныған емеспін, үйіме кіріңіздер, тамақтың дәмін көріңіздер»-деді. “Үйдің иесі үйде ме?” – деп сұрады қарт адам. Әйел: “Жоқ”- дегенде, қарт адам: “Онда үйіңізге кіре алмаймыз”- деп жауап берді. Кешке үйдің иесі келген де, әйелоған күндіз болған оқиғаны түсіндірді, және бұл үш қарттардың әлі есіктің алдында күтіп отырғаны айтты. Әйелдің күйеуі: «Енді мен үйіме келдім, олардың күтіп отырғанымды айт»-деді. Әйел барып қарт адамдарды үйге шақырды. «Біз негізінен үйге үшеуміз бірге кірмейміз» - деді қарт адамдар. Әйел оның себебін сұрағанда, қарт адам басқаларын көрсетіп: «Оның аты-байлық, келесінің аты-табыс, ал менің атым-сүйіспеншілік»-деп жауап береді. «Қазір бар, күйеуіңмен ақылдасыңдар, деп сөзін бітірді. Әйел үйге келіп күйеуіне айтылғандарды түсіндіреді. Күйеуі бұл жағдайға қатты қуанады. «Солай болса, байлықты үйге шақыр!» - деді. Үйдің келіні бұл айтылғандарды естіп: «неге сүйіспеншілікті үйге шақырмасқа!?» - деді. Әйелі: «Неге табысты үйге шақырмаймыз?» - деп сұрады. Үйдің иесі: «Жарайды келіннің айтқанын істейік, бар сүйіспеншілікті үйімізге шақыр. Ол біздің қонағымыз болсын» - деді. Әйел қайтадан сыртқа шығып: «Кім араларыңызда сүйіспеншілік болса, оны үйімізге шақырамыз» - деді. Сүйіспеншілік тұрып үйге қарай барады. Бірақ артынан басқа екі қарт та тұрып, үйге қарай жүре бастады. Әйел түсінбей, байлық пен табысқа қарап: «Кешіріңіз, біз тек қана сүйіспеншілікті шақырдық!» - деді. Екі қарт кісі әйелге қарап: «Егер сіз тек
байлықты немесе табысты ғана шақырғанда, қалған екеуіміз сыртта қалатын едік». «Бірақ сіз сүйіспеншілікті шақырдыңыз, сүйіспеншілік барған жерге бізде барамыз»,-депді. «Сүйіспеншілік бар жерде, байлық та табыс та болады», - деді қарт кісі.
Қорытынды.
Қорыта келе отбастарыңыздан сүйіспеншілік, табыс, байлық, махаббат арылмасын.
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.
«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлкеттік мекемесі
«Отбасы махаббаты неде?»
Тренинг-жаттығулар
Мектеп психологтары:Найманбай М
Бердыгулова А.Н
«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамашасы отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін түсіндіру, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу, бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету мақсатында 6-7 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Отбасы махаббаты неде?» тақырыбында тренинг-жаттығулар жүргізілді.Тренинг барысында:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
«Таныстыру» жаттығуы
Бейнеролик (әке 1 сағатыңды сатып алайыншы)
Ой пікір
Релаксациялық жаттығу
Ситуациялық сұрақтар
Сүйіспеншілік жаттығулары жүргізілді.
Қорытынды ата-аналар тренингке белсенділікпен қатысып,өз ойларын ашық білдірді.
Мектеп психологтары:Найманбай М .Бердыгулова А.Н