Тренинг » А.Қастеев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қастеев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
февраль
2022

Тренинг

Тренингтің тақырыбы: «Аудиал, визуал, кинестетик. Сіз қай топқа 
                                                     жатасыз?»
Тренингтің мақсаты: мұғалімдердің ақпаратты қабылдауы бойынша аудиал, визуал, кинестетик қай типке жататынын анықтау.
-- Адамдарды ақпаратты қалай қабылдайтынына байланысты 3 топқа жіктеуге болады. Олар «Аудиал, визуал, кинестетик». Өзіміз туралы жақсы білу үшін осы топтың қайсысына жататынымызды бүгінгі тренингте анықтаймыз. 
-Тапсырма: тест түрінде  (А, В, С) тапсырманы қоямын
Мен берген тесттің сұрақтарына мейлінше шынайы жауап беруге тырысыңыздар.
А• Визуал: 1, 5, 8, 10, 12, 14, 19, 21, 23, 27, 31, 32, 39, 40, 42, 45.
 
 
В• Аудиал: 2, 6, 7, 13, 15, 17, 20, 24, 26, 33, 34, 36, 37, 43, 46, 48.
 
 
С• Кинестетик: 3, 4, 9, 11, 16, 18, 22, 25, 28, 29, 30, 35, 38, 41, 44, 47
-- Аудиалдар ақпаратты есту мүшесі арқылы қабылдайды. Бұл өте сирек кездесетін жандар. Олардың есте сақтау қабілеті мен есту мүмкіндігі өте жақсы дамыған. Және әңгімелесушісімен міндетті түрде бетпе-бет жүздесуді қажетсінбейді. Сөйлеген сайын жадырай түседі. Сіздің айтып бергеніңізді сөзбе сөз қайталап беру мүмкіндігі де бар. 
  Еш уақытта олардың сөзін бөлуге болмайды. Бөлген жағдайда сізбен екінші рет сөйлеспей қояды. Сырт көзге аудиалдар қырсық, еш өзгермейтін адам болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл жалған ақпарат, себебі аудиалдар өте мейірімді келеді. Кез келген уақытта тыңдап, кеңесін айтады.Аудиалдар әлемі музыка мен ырғақтан, мелодиядан тұрады. Оған барлық тақырып қызықты. Адамдармен сөйлесу үшін себеп іздейді. Аудиалдардан тамаша дәріскер, музыкант және психолог шығады.
-- Визуалдар айналасында жүзеге асып жатқан құбылыстарға терең үңіліп, ақпаратты көздері арқылы қабылдайды. Олар көз алдына картинаны елестетіп, оны сипаттап бере алады. Әңгімені де жақсы айтады. Визуалды жүйенің арқасында шексіз армандап, жаңа дүниелерді ойлап табуға болады. Олар барлығын да өте жақсы ұйымдастырады. Қызметкерлер арасында жұмысты теңдей бөледі. Визуалдарға бір нәрсені түсіндіру үшін сурет, графика, кесте ұсынған абзал. Осылайша ақпаратты жылдам әрі жақсы түсінеді. Оларға дауыс көтеріп, «жоқ» деген сөзді айтуға болмайды. Визуалдар үшін барлығының әдемі болуы маңызды. Үстіне ыңғайсыз болса да, көпшіліктің көңілінен шығатын киім киюді ұнатады. Бұл үнемі осылай жасайды деген сөз емес. Бар болғаны адамның сыртқы көрінісін жақсы бағалайтындығы. Мұнымен қатар визуалдарды жуылмаған, мыжылған киімде көруіңіз мүмкін емес. Визуалдар үшін көз бен құлақ бір мүше. Дауыстары жарқын, көзқарастары айқын болады. Олар –шығармашылықтың, өнердің адамы. Оларға сурет құралдарын, кино көретін үлкен экран, фотоаппарат, видеокамера берсеңіз болады.
-- Кинестетиктер қоршаған ортаны ерекше сезініп, ақпаратты қимыл-қозғалыс, құшақтау арқылы қабылдайды. Олар еш уақытта сезімін жасыра алмайды. Қойылған сұраққа қысқа да, нұсқа жауап береді. Шешімді сезімдеріне сүйене отырып қабылдайды. Кинестетиктер ыңғайсыз киімді мүлдем кимейді, барынша жайлылықты, тақырыптарды қызу талқылайтын пікір-таластарды ұнатады. Әңгіме барысында қолыңыздан ұстап, жағдайыңызды сұрайды. Жанында тұратын адамға өте жақын тұрады. Жан дүниесіне тек «таңдаулы» адамдарды ғана кіргізеді. Кез келген нәрсені қолмен ұстап, иісін иіскеп, қозғалтып барып таниды.
Бір нәрсені өздері жасап көрмейінше, түсінбейді. Жоспар, арман, мақсат сынды сөздерді мүлдем ойға алмайды. Олар үшін тек сезім маңызды рөл ойнайды. Бұл типке жататын адамдарға хош иісті майшамдар, сазбалшықтан, қолдан жасалған бұйымдарды сыйлаған дұрыс. Массаж, шаш сәндеу, фитнес залына алып барсаңыз да болады.   
Оқушының ақпаратты қабылдау түріне байланысты 
Жиі айтатын сөзі 
Аудиал:
  • менің не айтатынымды тыңдаңызшы,
  • сіздің даусыңызды естігенім үшін қуаныштымын,
  • бұл дыбыс менің жыныма тиеді,
  • былайынша жаман ұсыныс емес,
  • ол бұл сөзімен не айтқысы келді екен. 
  • Диалог кезінде әңгімелесушісінің аузына құлағын тосады. 
  • Аудиал досыңызды қуантқыңыз келсе, тыңдайтын жақсы әуендер сыйлаңыз.
Визуал: Ерекшелігі:
  • мүсіні арық,
  • бойын тік ұстайды,
  •  ерні жіңішке,
  •  даусы жарқын шығады.
Жиі айтатын сөздері:
  • мен көріп тұрмын,
  • анаған қарашы,
  •  мына жерден жақсы көрінеді,
  • өзіңіз көріп тұрғаныңыздай.
  • Визуалдар көргенін есте сақтайды.
Жиі айтатын сөздері:    Кинестетик:
  • қарым-қатынасқа түсу,
  • мен сеземін,
  • бір нәрсені ұстап алу,
  • қол ұстасып,
  • өзіңді бақылау,
  • сабыр сақтаңыз,
  • біз мәселенің шешімін табуға аз қалдық.
Біз оқушыларға әр түрлі ақпарат береміз және сол ақпаратты мейлінше жақсы қабылдағанын қалаймыз. Ал оқушыларымыздың қабылдау деңгейі неге әртүрлі болады? Біреуі тез ұғады, екіншісі көбірек түсіндіруді қажет етеді. Осы орайда оқушыларымыздың ақпаратты қабылдауына қарай қай топқа (аудиал, визуал, кинестетик) топқа жататынын білсек, тиянақты білім беруге болады.
Осымен тренинг аяқталды тренингтен алған білімдеріңізді тәжірибеде қолданады деп сенемін.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив