20
январь
2022
Баланың қашықтан оқуын ұйымдастыру бойынша ата- аналарға психологиялық кеңестер
Баланың қашықтан оқуын ұйымдастыру бойынша ата- аналарға психологиялық кеңестер
Ең бастысы:
Ең бастысы:
- Алдымен баланың күн режімін жасаңыз, дұрыс тамақтанып, жақсы ұйықтауын қадағалаңыз;
- Сабаққа күн сайын уақытында қосылыңыз және сабақ кестесін көрінетін жерге іліп қойыңыз;
- Баланың сабақ оқуы үшін жайлы және ыңғайлы орын таңдаңыз.; Компьютерінің толық қуатталуын, интернетпен қамтылуын қадағалап, кешкісін бәрін дайындап қойған жөн;
- Балаңыздың себепсіз сабақты босатпауын қадағалаңыз;
- Сабақ барысында мұғалімге не болмаса балаға араласпаңыз.
- бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, басқа дыбыстарды өшіріңіз;
- сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен (бар борлса) үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;
- сабақ барысында баланың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуін бақылаңыз;
- оқушы мұғалімнің нұсқауларын орындау;
- мұғалім сабақ түсіндіргеннен кейін ғана сұрақ қою;
- сабақ түсіндірген кезде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салу (тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);
- мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға болмайды;