Математика, физика, информатика онкүндігі » А.Қастеев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қастеев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Математика, физика, информатика онкүндігі
18
ноябрь
2022

Математика, физика, информатика онкүндігі

Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық   мемлекеттік мекемесі 
2022 жылдың 05-15 қараша   аралығында математика, физика информатика пәндерінің 
«Белсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың  пәнге қызығушылығын арттыру»
тақырыбындағы онкүндікке жазылған анықтама.
Апталықтың мақсаты:математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу - сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты - пәндік апталық болып саналады. 
2021-2022 оқу жылының 05-15 қараша аралығында «Белсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың  пәнге қызығушылығын арттыру»   тақырыбында   математика, информатика, физика пәндерінің апталығы болып өтті. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді. Апталықа байланысты красворд ,сканворд, сөзжұмбақ ,логикалық есептер жазылған газеттер шығарылды.
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді,  онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.
Апталық барысында пән мұғалімдері жоспарланған ашық сабақтарын өз деңгейінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өткізді. Атап айтқанда  
алгебра пәнінен Аязбаева Н. 9б сыныбында   «Арифметикалық прогрессия» тақырыбында, 5а сыныбында «Жай бөлшектерді  және   аралас  сандарды көбейту.Өзара кері сандар», Сламджанова Б.А 6а сыныбымен «Жақшаларды ашу. Коэффициент.Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру», 6ә сыныбында А.Қарашова  «Айнымалы.Айнымалысы бар өрнек» тақырыбында,
 Ә.Джанбалаева    5б сыныбында  «Жай бөлшектерді  және  аралас   сандарды көбейту. Өзара кері сандар», С.Мунирова  9в сыныбында   «Арифметикалық және  геометриялық прогрессия» тақырыбында , информатика пәнінен Э.Зайырова  9а сыныбында «Деректерді  сүзгілеу» тақырыбында ,М.Тұрғанжан  6а сыныбында «3D редактордағы оъектілердің модельдерін құру», Жетпісбай М  3а сыныбымен «Менің ойыным», физика пәнінен   А.Қалибекова   8а сыныбымен «Кулон заңы,элементар электр заряды» тақырыбында   ашық сабақтар  өткізілді. 
Барлық сабақ  өте тартымды, қызықты, шебер  өткізілді, сабақтарда интерактивті тақта, жаңа педагогикалық технологияның элементтерін  пайдаланды, жас мамандар жаңаша сабақтар көрсетті. Сабақтың соңында оқушылар бағалау парақтарын толтырды және рефлексия «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» стикерлерге жазды. Топтық жұмыс арқылы, АКТ пайдалану арқылы мұғалімдер  өз   мақсатына жетті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында  Н.Аязбаева 7-сыныптар арасында «Жас зияткер» математикалық сайыс, 6 сыныптар арасында А.Қарашова «Математика –ғылымдардың патшасы» , А.Қалибекова  физика  пәнінен 8-сыныптар арасында «Табиғаттағы физика» тақырыбында, 9 сыныптар арасында  С.Мунирова «Математикалық  пирамида »   сайыс , 6-сыныптар арасында Э.Зайырова «Информатика кеше,бүгін,ертең », М.Тұрғанжан 9- сыныптар арасында «Жүзден жүйрік»   сыныптан тыс іс-шаралар  өткізді. Сайысты ұйымдастырған пән мұғалімдері Н.Аязбаева, А.Қарашова. М.Тұрғанжан.  С.Мунирова, А.Қалибекова  жеңген  сыныптарды    марапаттады.
 Апталықтың соңында әдістемелік бірлестіктің информатика пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен   «Цифрлық  платформаларды функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында қолдану» тақырыбында семинар –коучинг ұйымдастырылды.
Қорыта келе,ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
Апталық   қорытындысы бойынша  ұстаздар өздерінің білімдерін,  ұстаздық шеберліктерін ізденпаздықтарымен ұштастыра отырып оқушылармен  тығыз қарым-қатынаста  жұмыс істей алатынын  көрсетті. Апталықтың жабылуында білімді, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Сөз соңында әріптес  ұстаздарға іскерлік, бақыт пен береке, шығармашылық табыстар тілеймін! 
Анықтама жазған      МИФ пән бірлестік жетекшісі  Б.А.Сламджанова [media=[media=https://www.instagram.com/tv/CnwxGG7gqvK/?igshid=YmMyMTA2M2Y=]]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив