Жанжал мен буллингтің негізгі белгілері » А.Қастеев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қастеев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жанжал мен буллингтің негізгі белгілері
16
март
2022

Жанжал мен буллингтің негізгі белгілері

Жанжал мен буллингтің негізгі белгілері
Құрметті ата-аналар  бүгінгі күнгі балалар арасында өзекті мәселе – буллинг. Буллингті анықтау - кемсіту, шеттету жағдайларын тоқтатудың алғашқы қадамы. Егерде балаңыздың бойынан деструктивтік мінез байқасаңыз мән беріңіз. Ондай мінездің орын алу себебі балаңызға басқалар қысым көрсетіп, мазақтап, келемеждеп, намысына тиіп жүруі әбден мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын алу өте маңызды, алайда  балаңыз осындай жағдайға яғни буллинге тап болса  оны тоқтату қажет. 
Төмендегі буллинг пен жанжалдың 5 белгісі туралы пікірмен танысыңыздар.
  1. Бірінші және ең негізгі айырмашылық - қорқыту кезіндегі күштің сәйкессіздігі.
Жанжал туындағанда екі жақтың да жағдайға ықпал етуші күші   бірдей. Ал буллинг жағдайында күштің сәйкессіздігі байқалады. Буллинг жасаған қос тараптың жас айырмашылығы сәйкес келмеуі мүмкін. Буллинг жасаушының  басқа адамға күш көрсетерлік белгілі бір қасиеті немесе мәртебесі болуы мүмкін. Ол спортпен айналысады, өз ортасына сенімді, беделді, сенетін ағалары, достары бар. Оның дауысы жарқын, ол өзінің жасаған әрекетін кез-келген уақытта ақтап ала алады. Яғни бала буллингке сенімді түрде барады. Ал буллингке өзіне сенімсіз, үнемі ата-анасының назарынан тыс қалған, бір немесе бірнеше рет соққы көрген балалар ұшырайды. Оқушының жүрген жүрісінен, бет әлпетінен өзіне деген сенімсіздік байқалып жатады. Ол еңкейіп жерге қарап жүруі мүмкін, сенімсіз сөйлейді, дауысы бәсең болады. Қорлық көрген адам өзін тең емес, бірақ дәрменсіз сезінеді.Бұзақылықтың құрбаны бұл  күш теңдігін өздігінен түзете алмайды.
  1. Жанжалдан буллингтің екінші айырмашылығы - әрекеттің қасақана жасалуы
Конфликт жоспарланбайды, ол кездейсоқ болады. Жанжалда эмоциялар ауқымды және тіпті агресситі әрекеттерге әкелуі мүмкін, әдетте екі жақта оны тоқтатқысы келеді. Буллинг-бұл жоспарланған қорлау және басқаларға зорлық-зомбылық жасау. Буллингтің мақсаты қасақана азап пен зиян келтіру. Кім қорласа жағдайды аяқтауға немесе тоқтатуға мүдделі емес. Буллингті жалғастырғысы келеді. Кемсіту, шеттету әрекеттерін бала қатарластарының назарын өзіне аудару үшін жасайды. Кейде өзінің ішкі менін қалпына келтірмек болып та осындай қадамға баруы мүмкін. 
  1. Буллинг кезінде күш көрсетуші мен буллинг құрбанының арасында себеп бомайды. Бұл мәселенің үшінші айырмашылығы.
Яғни күш көрсетушінің тарапынан жасалатын қорқыту бір жақты болады. Көп жағдайда мектеп мұғалімдері оқиғаның мән жайынан хабарсыз болғандықтан зардап шегушіні кінәлауға бейім. Себебі жәбірлеуші жарқын дауысымен басымдыққа ие болады.Ал құрбан тұйық мінезімен қарсыласынан именгендіктен тағы да елеусіз қалып отырады
  1. Төртінші белгі: әрекеттің ұзақтығы мен қайталануы
Жан-жал бір уақытта ғана болады. Буллинг бұл тұрақты мақсатты түрде қайталанатын ұзақ уақытқа созылатын әрекет. Жан-жалда қорлау әрекеттері болмайды. Ол аз уақыт ішінде шешімін тауып жатады. Ал буллингте қорқыту, қорлау әрекеттері байқалады.Соның салдарынан жәбірленуші тарап жарақат алады. Қасақана жасалған қысым жалғаса беруі мүмкін. Қазіргі кезде буллинг көбіненсе қаржылық тұрғыда жиі орын алады. Ал ақша жинау соңы қылмысқа алып келеді. Бала қорлау, бопсалау қадамы негізінен ішкі қысымдарынан арылу үшін барады. Өйткені эмоция сыртқа шығуы керек. Эмоцияны шығаруды ұлдар, қыздар буллинг жасау деп ұғынып қалатын сәттер аз емес.
  1. Бесінші белгісі Конфликт шешілуі мүмкін Оған ұстаздар, ата-аналар араласып, мәселе оң шешімін тауып жатады. Я болмаса өздері достасып кетеді.Ал буллингті тек тоқтатуға болады. Әрі қарай жалғасуы мүмкін. Жан-жал тараптардың күшімен шешіледі. Ал буллинг ересектердің араласуымен уақытша тоқтауы ықтимал. Көп жағдайда жәбір көрсетуші оқушы ұстазының немесе ата-анасының назары сәл тайған кезде бопсалауын жалғастырады. Оқушылар бір-бірін кемсітіп, мазақтап жатқанда біз оларға ойын баласы деп қарап,мән бермеуіміз мүмкін.Соның кесірінен әлсіз бала тұрақты түрде зардап шегеді.Мәселен оқушылар бір-бірінің сөмкесін лақтырып ойнайды, жеке затын тартып алады, физикалық зақым келеді.Мәселенің алдын-алмаса басқа балларда буллинг жасаушылардың санын толықтыруы ғажап емес. Мұның соңы сенімнің жоғалуына, күйзеліске әкеп соқырады.
Осындай проблемалардың алдын -алу үшін алдымен баланың ой-пікірін тыңдау керек. Бала орын алған жағдайға орай жылауы, ренжуі, өкінуі мүмкін. Қалайда бүлдіршіннің ішкі сезімі сыртқа шығуы тиіс. Мәселе үлкендер тарапынан тыңдалғаннан кейін нәтиже шығару керек. Мұндай уақытта оқушылар арасында топпен, тренингтер өткізу қазеттілігі туындайды. Жақсы қарым-қатынас орнату мақсатында жатығулар жасалуы керек. 
Ата –ана баласының бойынан біреуге әлімжеттік жасап, қысым көрсету әрекетін байқаса дереу тоқтатуға күш салу керек. Себебі мұның соңы баланы ертеңгі күні қылмысқа баруға итермелеп, опық жеп қалуы мүмкін.
Құрметті ата аналар балаларымызды дұрыс жолда жүруіне мән беріп, болашағының жарқын болуын қамтамасыз ету біздің парызымыз екендігін басты назарға алайық
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив